Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері кәсіби мерекелерге арналған жаңа бейнеклиптерін ұсынды

Алматы полицейлері кәсіби мерекелерге арналған жаңа бейнеклиптерін ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Полиция – мақтаным” әнін Алматы қалалық Полиция департаменті ансамблінің солистері Қайрат Игліков, Жұлдыз Өскембаева, Мұрат Тоқашбаев және Гүлниза Жұмажанова орындады.
Әннің сөзін Әсет Бейсеуовтің музыкасына Әбдірахман Асылбеков жазған.

– Бейнеклиптің түсірілімі Алматының жарқын көрінісі болып табылатын Медеуде өтті. Департаменттің жаңартылған телестудиясы базасында монтаждау кезінде музыкаға азаматтардың тыныштығын күзететін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қылмыспен күресетін біздің қызметкерлеріміздің күнделікті өмірінен кадрлар қосылды. Жағымды көрініс болсын!, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру