Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандықтан қара сораның 110 бұтасы тәркіленді

Жезқазғандықтан қара сораның 110 бұтасы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне, қаланың белгілі бір тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысады деген ақпарат түсті.

2021 жылдың 17 маусымында полиция “Карасора-202” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өзінің жеке учаскесінде қара сораның 110 бұтасын заңсыз өсірумен айналысқан болып шықты. Сонымен қатар ұсталушыдан “апиын” есірткі заты бар түрлі көлемдегі пластикалық бөтелкелер алынды. Күдіктінің айтуынша ол өсімдіктерді өзінің қажеттілігі үшін өсірген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, маусым айының басында облыстың полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін екі ер адамды ұстаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру