Қауіпсіз жол: Ақтөбе 7 мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбе облысында 23-30 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, сондай-ақ жүргізушілердің тәртібін арттыру және облыс жолдарында ЖКО санын азайту. Бұл күндері тәртіп сақшыларының назары мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру және қарсы қозғалыс жолағына шығу сияқты ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтауға аударылатын болады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері рейске шығар алдында қоғамдық көлік жүргізушілерінің медициналық тексеруден өту ережелерін, сондай-ақ автокөліктерде балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану ережелерін тексереді.
Айта кетейік, іс-шараның бірінші күні облыс аумағында 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жүргізуші ұсталды, сондай-ақ қарсы жолға шыққаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 73 жүргізуші белгіленген жылдамдықтан асып, 70-тен астамы маневр ережелерін бұзды. Сонымен қатар, 74 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерімен бекітілмеген, ал 60-тан астам адам телефонмен сөйлесіп, тағы 26 автомобиль жолдарда апаттық жағдай туғызды.
– Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 144 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды тағы да еске алуға шақырады.