ШҚО тұрғыны марқұм досынан қалған шолақ мылтығын заңсыз сақтаған
ШҚО тұрғыны марқұм досынан қалған шолақ мылтығын заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Өскемен қ. ПБ полиция қызметкерлері облыс орталығының 39 жастағы тұрғынынан бақша қоғамдарының бірінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз сақталған қаруды тәркіледі.
– Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат бұл атыс қаруы, атап айтқанда бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың кесіндісі. Мылтық 12 калибрлі патрондарымен атуға арналған тегіс ұңғылы аңшылық қару және Ижевск механикалық зауытында шығарылғаны белгілі болды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Белгілі болғандай, аталған қару ағымдағы жылдың мамыр айында қайтыс болған марқұм досына тиесілі болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.