Павлодарда мас жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Мысалы, соңғы тәулікте олар жол қозғалысы ережелерін бұзудың 50-ден астам дерегін анықтады, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік нормаларын сақтамағаны үшін екі хаттама толтырылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары 100 шақыруға қызмет көрсетті.
Мәселен, бір тәулік ішінде полицейлер телефонмен сөйлесіп, рөлде жүрген екі жүргізушіні анықтады, төрт автомобильші басқа қатысушылардың жолын бөгеп, дұрыс емес жерлерде тұрақтады, үш адам өз қауіпсіздігін елемей белдігін тақпады, екі жүргізуші тіпті мас күйінде рульге отырған, тағы 11 жаяу жүргінші жолды дұрыс емес жерлерде кесіп өтті, бұның бәрі бұзушылықтардың аз ғана бөлігі.
– 24 маусымда сағат 02:25-те қала орталығында біз Nissan Maxima автокөлігін көрдік, маневрлер мен қозғалыс мас адамның жүруіне тән болды. Шынында да, көлік құралын тоқтатып, жүргізушімен сөйлесіп, оның құжаттарын тексеріп, біз ер адамның мас екенін анықтадық. Осыдан кейін медициналық куәландыру жүргізілді, онда бұл факт расталды, – деп атап өтті Ренат Шарипов
Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын, көлік айыппұл тұрағына қойылғанын айтты.
Осыған ұқсас факт Павлодар-Қызылорда автожолында тіркелген. 46 жастағы облыс тұрғыны өз автокөлігін мас күйінде жүргізген. Жүргізуші полицияға достарымен бірге ішкенін, содан кейін шұғыл істерге баруды шешкенін айтты. Осы уақытта жолда көптеген басқа көліктер болды және оның мұндай асығыс әрекеті қайғылы қателікке әкеп соғуы мүмкін еді. Автокөлік тоқтатылып, айыппұл тұрағына қамалды, ал жүргізушінің өзі жауапқа тартылады.