Шымкенттік полицейлер жоғалған 4 жасар бүлдіршінді тапты
Шымкенттік полицейлер жоғалған төрт жастағы баланы сауда орталығының жанынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 маусымында Қаратау аудандық ПБ-на жергілікті жердің 34 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында төрт жастағы ұлы үйдің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.
Жоғалған баланы табу үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық ПБ-на тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау АПБ қызметкерлері баланы сауда орталығының жанынан аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.