Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері журналистерді төл мерекесімен құттықтады

БҚО полицейлері журналистерді төл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО Полиция департаментінде Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өңіріміздің журналистеріне құрмет көрсетілді.

БҚО ПД бастығының орынбасары Асхат Теміржанов сөз сөйлеп, полиция департаментінің қызметіне ақпараттық қолдау көрсетіп, өзара ынтымақтастық орнатқаны үшін алғысын білдіріп, марапаттады.

– Ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, полиция қызметін объективті түрде дәріптеуде журналистердің рөлі зор. Сонымен қатар Полиция департаментінің қызметіне ақпараттық қолдау білдіргендіріңізге алғыс білдіреміз. Журналистика – өте қызықты әрі қиын сала. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін, – деді БҚО ПД бастығының орынбасары Асхат Теміржанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру