Қарағандыда тұрғынды 1 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ қолға түсті
Қарағандыда тұрғынды бір миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусымда 27 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне арыз жазып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады.
Жәбірленуші демалыс орындарының бірінде әкімші болып жұмыс істейді екен. Жаз маусымы басталар алдында оған жеке көлігі мен шеберханасына шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болған. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға белгілі бір ер адам өз еркімен келіскен, бірақ сонымен бірге ол 950 мың теңге көлемінде алдын ала төлем талап еткен. Ақшаны алып алған ол хабарсыз кеткен болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.30 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.