Жиһаз өндірушілері алматылықтарды алдап кетті
Жиһаз өндірушілері алматылықтарды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының ПД-не алаяқтық фактісі бойынша директоры Х.есімді ер адам ЖШС басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты ұжымдық арыздар келіп түсті. Бұл факт Алматы қаласы ПД СТБТ ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша тіркелген.
– Арыз жазушылардың айтуы бойынша, аталған фирма өкілдері алдау және сенімге қиянат жасау арқылы оларды алдаған. Сату-сатып алу келісімшарттарына сәйкес олар тапсырыс берілген жиһазды 14 күн ішінде жеткізіп беруі керек болған. Алайда қаражатты алғаннан кейін, олар келісімшарт бойынша міндеттемелерін 2-3 бойы орындаған жоқ. Азаматтардың «instagram» әлеуметтік желісіндегі жарнамаларға алданғандығы анықталды. Олардың кейбіреулері жаңа жиһаз алу үшін несие рәсімдеген, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ЖШС басшылары мен қызметкерлерінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен басқа жәбірленушілерді анықтау шаралары жүргізілуде. Полиция зардап шеккен азаматтарды келесі телефондарға хабарласуға шақырады: 8-708-111-90-81; 8-701-701-08-58 және 8-707-584-99-09.