Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қонақтарға қор-қор ұсынған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды

Шымкентте қонақтарға қор-қор ұсынған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 шілде күні Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен арнайы мобильдік топ өкілдері рейдтік іс-шара жүргізді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласында орналасқан «Coffee Boom» кафесінің келушілері (жабық ғимаратында) қор-қор тұтынған.

Қоғамдық орындарда қор-қор тұтынуға тыйым салудың бұзу деректері мен Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысының ережелерін бірнеше рет сақтамауы анықталуына байланысты нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шара көру үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру