Алматыда ескі жиһазды «қалпына келтіруші» адамдарды алдағаны үшін ұсталды
Алматыда ескі жиһазды «қалпына келтіруші» адамдарды алдағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Т.есімді азамат интернетке жиһаз өндірісі мен қалпына келтіруге арналған жарнамаларды орналастырған. Ол жалған келісімшарттар жасасқан, алдау және азаматтардың сеніміне қиянат жасау арқылы қаражатты алған және түскен қаражатты өз қалауы бойынша иемденіп, пайдаланған.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта алаяқтықтың төрт фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өндірісті Бостандық ауданының Басқармасы жүзеге асырады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Алданған адамдар әлдеқайда көп екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, біз осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондарға қоңырау шалуға шақырамыз: 254-47-03; 254-47-02 және 254-47-10, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.