Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбеде иесіз жүрген 4 мың мал айыптұраққа қамалды

Жыл басынан бері ақтөбелік полицейлер төрт мыңнан астам иесіз мал басын айыппұл тұрағына қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Соңғы уақытта азаматтардың мал жаюға немқұрайлық таныту жағдайлары жиілеп кетті. Көбінесе мал иелерінің жануарларды қолда ұстауы басқалар үшін проблемаға айналады, ал кейде тіпті қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Көше бойымен жүретін иесіз мал жол апатына себеп болады, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев.

Мал иелерінің жауапсыздығынан, мал қарауға шопан жалдамау салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар зардап шегуі мүмкін. Сонымен қатар, бақылаусыз жайылып жүрген мал ұрылар үшін оңай олжа. Ал ауыл шаруашылығы жануарларының ұрланғандығы туралы мал иесінің полиция бөліміне кеш жүгінуі мәселені қиындатады, өйткені мал иелері оларды жеті-он күн ішінде өздері іздейді, іздеу шаралары нәтижесіз болғандықтан соң ғана полицияға жүгінеді. Осы уақыт ішінде қылмыскерлер малды басқа аудандарға, тіпті көрші аудандарға апарып, бөліп, сатып жібереді.

– Мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ малға себеп болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс аумағында жүйелі түрде автожолдар мен жазғы жайылымдарда полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, – деп атап өтті Қанат Әлиев.

Иесіз жүрген малдарды полиция қызметкерлері айыппұл тұрағына қамайды. 2021 жылдың басынан бастап полиция қызметкерлері төрт мыңнан астам иесіз жайылып жүрген малдарды айыппұл тұрағына қамады.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 104 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді. Тек соңғы аптада айыппұл тұрағына 100-ден астам мал айдалды, олар қараусыз еркін жайылымда жайылып жүрген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру