Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас тұрғынды тонап кеткен ақтөбелік жігіт ұсталды

Мас күйдегі тұрғынды 25 жастағы ақтөбелік тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың алты айында Ақтөбе облысының аумағында азаматтарға қатысты 67 тонау (бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) тіркелді. Тонаудың басым көпшілігі көшеде, кешкі және түнгі уақытта жасалған.

Кез-келген адам қылмыскерлердің құрбаны бола алады. Дегенмен, азаматтардың бірқатар санаттары, атап айтқанда, әйелдер, қарттар, кәмелетке толмағандар және мас күйінде болған адамдар үлкен қауіпке ұшырайды.

Мысалы, 4 шілде түнде Ақтөбе қ. ПБ Жедел басқару орталығының 102 телефонына Заречный кентінде тонау болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел патрульдік полиция наряды шықты, оған 53 жастағы ер адам мас күйінде жүгінген болатын. Жәбірленушінің айтуынша, дүкеннің жанында белгісіз біреу оған жақындап, құжаттары, ұялы телефоны мен ақша салынған ер адам сөмкесін тартып алып кеткен.

Патрульдік полицейлер ұрланған заттарды тәркілеп, 25 жастағы ақтөбелікті осы қылмысты жасады деген күдікпен “ізін суытпай” ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті егер сізді тонап кеткен жағдайда, шабуылдаушылардың киімін, сыртқы келбетін, сөйлеу мәнерін, мінез-құлқының кез-келген ерекшеліктерін есте сақтауды, бұл туралы шұғыл түрде  ішкі істер органдарының телефонына немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.

Ұялы телефоннан “102” нөмірін теру арқылы полицияны шақырыңыз.

Есіңізде болсын – полицияға ақпарат неғұрлым тез түссе, қарақшылардың ұсталып, ұрланған мүліктің заңды иесіне қайтарылу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру