Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Golden City-200»: Ақтөбеде 150-ге жуық адам қаржы пирамидасына алданып қалды

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданған 150-ге жуық адам полицияға арызданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қалалық ПБ Тергеу бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен тіркелген қылмыстық іс тергелуде.

Ақтөбе тұрғыны 2020 жылдың қаңтар айында «Golden City – 200» ЖШС қаржы пирамидасын құрып, азаматтардан табыс алу бойынша қызметті ұйымдастырды, сондай-ақ қаржылық пирамидаға басшылық етті. Бұл ісімен ол Ақтөбе облысының азаматтарына аса ірі көлемде материалдық залал келтірді.

Қазіргі таңда 150-ге жуық жәбірленуші арызданды, қалған жәбірленушілер арыз жазу үшін Ақтөбе қаласы Сәнкібай батыр даңғылы 24 Р мекен-жайындағы Ақтөбе қалалық ПБ №511 кабинетіне келулеріңіз сұралады.

Байланыс телефон: 8778-362-17-60

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру