Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 5 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 5 000-ға жуық адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері облыс көлемінде жедел жағдайды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды, заңсыз көшіп-қонушылардың арналарын анықтап, жолын кесу мақсатында «Мигрант», «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шараларын және рейдтік тексеріс жұмыстарын ​ ұйымдастырды.

– Нәтижесінде жыл басынан бері көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 4 991 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 110 шетел азаматтары. Көші-қон заңдылықтарын бұзған 100 шетелдік сот шешімдерімен еліміздің аумағынан тысқары шығарылды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылықтарын бұзғандарға​ 7​ 029​ 743 теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру