Жамбыл облысында 6 айдағы тергеу және анықтау бөлімдерінің қорытындылары шығарылды
Жамбыл облысында алты айдағы тергеу және анықтау бөлімдерінің қорытындылары шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 15 шілдеде Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовтың төрағалығымен тергеу және анықтау бөлімшелерінің 2021 жылғы алты айдағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылды.
Аталған кезеңде облыстың ПД тергеу және анықтау бөлімшелерінде қылмыстық істердің сотқа жолдануы бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. Тергеу желісі бойынша бұл көрсеткіш 2,2%-ға, анықтау желісі бойынша 4,1%-ға өсті.
Жедел кеңесте процессуалдық шешімдерді келісу бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру барысы және БАҚ-та қызметтік іс-әрекетті жариялау жөніндегі жұмыстың нәтижелері қаралды.
Сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен көшуді іске асыру бойынша проблемалар мен оларды шешу жолдары қаралды. Кеңес барысында қалалық және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарларының атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.