Алматыда ПД қызметкерлері жастар арасында «Есірткісіз» ұранымен футболдан турнир ұйымдастырды
Алматыда ПД қызметкерлері жастар арасында «Есірткісіз» ұранымен футболдан турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Алмалы аудандық Полиция басқармасы ЖПҚ қызметкерлерімен және «Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік Қорының» еріктілерімен бірге өткізді.
Оған Алматы қаласы ПД ЕқКБ, Алмалы аудандық ПБ ЖПҚ ЮПБ қызметкерлері, 10 ерікті және 70 спортшы қатысты. Мақсат ортақ болды – есірткісіз болашақ құру! Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы.
– Алдын-алу іс-шарасы азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысуға тарту мақсатында өткізілді. Бұл есірткі саудасының алдын алуға бағытталған қадам. Сондай-ақ, қоғамның есірткіге тәуелділік мәселесіне деген дұрыс қатынасын қалыптастыру. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық әлемдік масштабта ғана емес, дамып келе жатқан Қазақстандағы мәселе болып табылады. Бұл біздің заманымыздың ең қорқынышты құбылыстарының бірі, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Біз барлықтарыңызды есірткіден, темекіден және алкогольден бас тартуға, есірткі мен алкогольді ұсынған адамдарға «ЖОҚ» деп нақты айтуға, психоактивті заттарды қолдануға байланысты жағдайлардан аулақ болуға, өмірді, спортты және салауатты өмір салтын таңдауға шақырамыз!