Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер автоұрыларды ұстады

Нұр-Сұлтанда полицейлер екі автомобиль ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында елорда аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын-алу, жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Түнгі уақытта Заречный кентінде екі ер адам мас күйінде Lada 21115 маркалы автокөлігінің терезесін сындырып, автомагнитафонымен аккумуляторын ұрлап кеткен. Қаскүнемдердің келтірген шығыны 82 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері бейне камералардың көмегімен екі ер адамның бағдары бойынша ұрылардың ізіне түскен. Ұрлық жасағанын мойындаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Автокөлік магнитолласы иесіне қайтарылды, ал аккумуляторды ұрлықшылар сатып үлгенген. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру