Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа орналастырамын»: алаяқ Сәтбаев тұрғынын жарты миллион теңгеге алдап кетті

Алаяқ «жұмысқа орналастырамын» деп Сәтбаев тұрғынын жарты миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 наурызда 34 жастағы қала тұрғыны Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жүгінді. Ол бір ер адамның алаяқтықпен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алғанын айтты.

Арызданушы жұмыссыз ағасына жұмыс табуға көмектеспек болған. Жұмысқа тұрғызуға уәде берген бір адаммен келіскен. Бұл қызметі үшін ол 500 мың теңге көлемінде алдын ала ақша алып алады. Ақшаны алған делдал хабарсыз кетіп, жәбірленуші алаяқпен кездескенін түсініп, полицияға жүгінген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

21 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 24 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру