Ақтөбе полицейлері саяжайдағы ұрлық дерегін ашты
Ақтөбе полицейлері саяжайдағы ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде белгісіз адам Ақтөбе қаласындағы зейнеткердің саяжай үйінің терезесін сындырып кіріп, сол жерден суаратын сорғыны, құрылыс деңгейі мен бұрамашегені бұрағышты жасырын ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізіп, нәтижесінде 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 325 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 169-ы ашылған.