Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте екі қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды

Шымкентте екі қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап республика көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде іс-шараның екі күнінде Қарату ауданы бойынша 64 қару иелері тексеріліп, екі қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды: ӘҚБтК 484 бабы 1-бөлігімен бір хаттама, 486-бабы 1-бөлігімен бір хаттама.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен бір дана 16 калибрлі оқты және өз еркімен бір дана тапаншаға ұқсас зат тапсырылды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шара көрілуде.

Айта кетейік, “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру