Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да алимент төлеуден жалтарғандар жауапқа тартылады

ШҚО-да алимент төлеуден жалтарғандар жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан алимент бойынша қарызын өтемей, сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 150 астам адам көші-қон қызметі қызметкерлерімен анықталған.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Аягөз ауданы полиция бөліміне жеке сот орындаушыларынан балаларды асырауға бекітілген қаражатты төлеуден жалтарып жүрген алимент төлемеушілерді іздестіру туралы екі қаулы түсті.

24 сағат ішінде іздестіру ісін ашпастан алимент төлеуден жалтарғандар анықталды. Олар сот шешімімен барлық кіріс түрінің  ¼ мөлшерінде алимент төлеу міндеттелген 56 жастағы ер адам және алимент бойынша берешегі 269 мың 712 теңге құраған Аягөз қаласының 44 жастағы тұрғыны еді. Ақшалай қаражатты өндіру үшін материал жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасына жолданды.

ШҚО ПД КҚҚБ-сы орындаушылық құжатты орындамағаны үшін заңмен ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық және ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру