Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада 35 жастағы жұмыссыз елордалықтың Renault 19 көлігін ұрлап кетті

Ақмола облысында ер адам Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғынының автокөлігін заңсыз айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көлік құралдарына қылмыстық қол сұғушылыққа күдікті адамдарды анықтау және ұстау үшін криминалдық полиция және патрульдік полиция құрылымдарының қызметкерлерінен, учаскелік полиция инспекторларынан арнайы топтар құрылды.

Полицейлер ұрланған автокөліктердің тұрып қалу және бөлшектену орындарын, сондай-ақ саяжай учаскелерінің аумақтарын, гараж кооперативтерін және автокөлік құралдарын жөндеу орындарын тексереді.

Мысалы, ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Целиноград ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам түнгі сағат 00:30 шамасында белгісіз біреу оның Renault 19 маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлады.  Күдіктіні жедел уәкілдер кезекші тәулікте анықтаған, ол елорданың 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетсек, ағымдағы жылы ақмолалық полицейлер ҚР ҚК 200-бабы бойынша 40 қылмысты ашты, сонымен қатар көлік құралдарын ұрлаудың алдын алуға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру