“Пәтер алып беремін”: Шымкентте алаяқ әйел тұрғынды 1,6 млн теңгесіз қалдырды
Шымкентте алаяқ әйел тұрғынды 1,6 миллион теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алып беремін деп алаяқтық жолмен 1 600 000 теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқты анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.