Жезқазғанда сауда үйінен алкогольдік ішімдік ұрлаған 62 жастағы әйел анықталды
Жезқазғанда сауда үйінен алкогольдік ішімдік ұрлаған 62 жастағы әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 мамырда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-да дүкендердің бірінен белгісіз біреу алкогольдік ішімдіктерді ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Шығын шамамен 20 мың теңгені құрайды.
Дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау арқылы полиция ұрлыққа белгілі бір әйелдің қатысы бар екенін анықтады. Күдікті әйел дүкенге үш рет барған. Сонымен, бірінші барған кезде екі бөтелке арақ ұрлап, екінші рет – үш, ал үшінші рет бірден алты бөтелке алкогольдік сусынды алып кеткен.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы (Ұсақ мүлікті иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғады.27 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 62 жастағы әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.