Бөтеннің пәтеріне кіріп, телефон ұрлап кеткен қарағандылық ұсталды
Бөтеннің пәтеріне кіріп, телефон ұрлап кеткен қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 шілдеде Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол белгісіз біреу пәтерден ұялы телефон ұрлап кеткенін айтты. Шығын мөлшері 68 мың теңгені құрайды.
Белгілі болғандай, жәбірленуші сыртқы есікті жабуды ұмытып кеткен, ал ұры бұл жағдайды пайдаланып, пәтерге кіріп, дәлізде тұрған ұялы телефонды алып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.