Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде бос лауазым орындары туралы айтты

СҚО полицейлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде бос лауазым орындары туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram және Facebook облыстық бейінді ведомствоның ресми аккаунттарында өткізілген онлайн-брифинг барысында СҚО полициясындағы бос орындар жайлы айтылды. Облыстық және қалалық кадр бөліністерінің өкілдері жарты сағаттан аса желі қолданушыларына ішкі істер органдарына қызметке қабылдау және өткеру тәртібі бойынша ақыл-кеңес берді.
Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тасимовтың айтуынша, СҚО Полиция департаментінде 2 мыңнан аса полицей қызмет етуде. Бүгінгі таңда жедел уәкілдердің, тергеушілер, анықтаушылар мен учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына білікті мамандар қажет. Сондай-ақ қатардағы құрам лауазымдарына да үміткерлер қабылдануда.

– ІІО қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар: жасы 35-те, қыздар үшін бойы 160 см кем емес, ер балалар үшін бойы 170 см кем емес болуы қажет. (саптық бөліністерге үміткерлер үшін – бойы 175 см болуы қажет), орта білім – қатардағы құрам лауазымына, жоғарғы білім – қызмет бағытына байланысты басшы лауазымына, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің уәкілетті органымен берілген тестілеуден өтуі туралы сертификат, денсаулығы бойынша жарамды (әскери-дәрігерлік комиссия айқындайды) болуы қажет, – деп ақпараттандыра кетті Руслан Тасимов.


Ішкі істер органдарындағы қызметтің артықшылықтары туралы қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сағындық Темиреев айтып берді. Желі қолданушылары бастапқы оқудан өту және полиция қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылатыны хабардар болды. Тәртіп сақшылары тұрақты жалақымен, нысанды киім-кешекпен, сауықтындыру жәрдемақысымен қамтамасыз етіледі. Қызметкерлер қызмет бойынша өсіп, ведомстволық емдеу мекемелерінде медициналық көмекке жүгіне алады. Сондай-ақ, тұрғын үйді жалға алатын болса, өтемақы төленеді. Алайда, полицейлерге қойылатын талаптар да жоғары. Полицей заңнаманы жетік білуі тиіс, шыныққан, денсаулығы мықты болуы қажет.

Спикерлердің айтуынша, стреске төзімді болу, өзін-өзі үнемі жетілдіру – барлық үміткерлер мен полиция қатарында қызмет атқарып жүрген полицейлер үшін аса маңызды қасиет.
Instagram қолданушылары белсенді сұрақтар қойды: бос орындардың бары, жалақының мөлшері, зейнеткерлік жас жайлы сұрап білді. Бүгінгі таңда, бос лауазым орындары ең көбі жедел бөліністер мен учаскелік инспекторлар қызметінде екендігі белгілі болды. Ең азы – жедел емес қызметтер мен штаб бөліністерінде.
Тікелей эфирдің соңында Руслан Тасимов пен Сағындық Теміреев үміткерлерге қойылатын талаптарды еске салды, сондай-ақ облыстық және қалалық полицияның кадр бөліністерінің мекенжайы мен байланыс телефондарына тоқтала кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру