Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер есірткі тасымалдаған жолаушыны қолға түсірді

Сарыағаштық полицейлер есірткі тасымалдаған жолаушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне Сарыағаш ЖПҚ ППТ қызметкерлері жолдарды патрульдеу кезінде “Ваз 21014” автокөлігінен есірткі затына ұқсас заттардың анықталғаны туралы хабарлаған. Хабар алысымен сарыағаштық жедел тергеу тобы оқиға орын алған жерге жетіп “Ваз” автокөлігін тексереді. Тексеру барысында автокөлік ішінде отырған жолаушының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас 1 дана полиэтилен пакеті табылды.

Бұл деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Полицейлер айғақты зат ретінде алған есірткіге ұқсас затты сараптамаға жолдады. Сараптама қорытындысымен, тәркіленген есірткі шамамен 3 грамм “марихуана” болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру