Қызылордада 70 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзған
Қызылордада 70 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы - 324 дерегі анықталды.
Оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарудың - 10 дерегі, жалған және қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағып көлік құралын басқарудың екі, ұялы телефонмен сөйлесудің - 16, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың - 44, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың - 70, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің алты, жаяу жүргіншіге жол бермеудің - 12, көлік құралының қараңғы мезгілінде сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану қағидасын бұзудың - 16, соқтығысу сәтін туғызудың - үш, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың төрт, құжатсыз көлік құралын басқарудың - 14, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың - 17, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың бір дерегі анықталды.
24 автокөлік айып тұрағына қойылып, 11 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.