Шымкентте жыл басынан бері заңсыз сауда жасаған 900-ге жуық адам жауапқа тартылды
Шымкентте жыл басынан бері заңсыз сауда жасаған 900-ге жуық адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби АПБ қызметкерлері тұрақты түрде аудан аумағындағы стихиялық сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
2021 жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары рейдтік жұмыстар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша 890 әкімшілік хаттама толтырды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары заңсыз сауда жасау фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша саудагерлер арасында түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізуде.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасау ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.