Түркістан полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 20-дан астам шетелдік анықталды
Түркістан полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 20-дан астам шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасы негізінде республика көлемінде көші-қон саласындағы заңсыздықтарды анықтау, алдын алу бойынша Сарыағаштық полицейлер аудан аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау болып табылады.
Осы орайда Сарыағаш АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен тиісті рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Сарыағаш ауданында ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзған жалпы 24 шетел азаматы анықталды. Қазіргі таңда 24 шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Заңсыз жұмыс жасағаны үшін) іс-құжаттар жинақталды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен (Шетел азаматтарын белгіленген мерзім ішінде уақытша тіркеуге қоймағаны үшін) екі адамға және 519-баптың 1-бөлігімен (Шетел азаматтарын заңсыз жұмыс күшіне пайдаланғаны үшін) екі ҚР-ның азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.