Казталов аудандық пробация қызметінде биометриялық терминал орнатылды
Казталов аудандық пробация қызметінде биометриялық терминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биометриялық терминалдың жұмысымен танысу үшін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудан прокуроры Нұрлыбек Мұсағалиев пробация бөліміне келді.
Қазіргі уақытта №1 №2 Казталов аудандық пробация қызметтерінде есепте тұрған сотталушылардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында екі биометриялық терминал орнатылды. Биометриялық терминалдың жұмысы пробация қызметін жетілдіруге және оны ашық түрде жүргізуге бағытталған. Ол қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, қылмыс жасауға бейім сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізуге оң әсер етеді.
Сонымен қатар сотталғандарды уақытылы бақылауды қамтамасыз етіп, құрылғымен бақылау жасау, қызметкерлердің уақытын үнемді пайдалануға жағдай жасайды.