Қарағанды облысында ер адам ауыл тұрғынынан екі велосипед ұрлап кетті
Қарағанды облысында ер адам ауыл тұрғынынан екі велосипед ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы полиция бөліміне, аудан орталығының 45 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу жеке үйдің ауласынан екі велосипедті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері тұрғылықты жері мен жұмыс орны жоқ 62 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ұрланған мүлікті арзан бағаға сатуды жоспарлағанын түсіндірді. Айғақты заттар алынды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.