Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда күзетші автокөлік жуу орнынан ұрлық жасады

Теміртауда күзетші автокөлік жуу орнынан ұрлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне автокөлік жуу орындарының бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы белгілі бір адамның кәсіпорын кассасынан алты мың теңге, сондай-ақ ноутбук пен ұялы телефонды ұрлап кеткенін анықтады. Жалпы шығын көлемі 146 мың теңгені құрайды. Қылмыстың мән-жайын талдай келе, тәртіп сақшылары оған тек кәсіпорынның күзетшісі істеуі мүмкін деген қорытындыға келді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 24 жастағы жігітті ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.

ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру