Шымкентте қаруды заңсыз алып жүрудің 11 жайты анықталды
Шымкентте қаруды заңсыз алып жүрудің 11 жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 21 шілде мен 20 тамыз аралығында Шымкент қаласында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 1 903 қару иелерін тексерді. 28 құқық бұзушылық анықталып, бес қару және екі оқ дәрі тәркіленді. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Іс-шара барысында отты атыс қаруын, оқ-дәрі және суық қаруды заңсыз алып жүрудің 11 жайты анықталды.