Баладан Iphone ұялы телефонын тартып алған шымкенттік ұсталды
Жасөспірімнен 450 мың теңгенің телефонын тартып алған шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 7 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам көшеде кәмелет жасқа толмаған ұлының құны 450 мың теңге тұратын «Iphone XS» маркалы ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, кейіннен бермейтінін ашық түрде айтып, тартып алғанын көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.