Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері қостанайлықтан марихуана тәркіледі

Алматы полицейлері қостанайлықтан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 4 тамызда Алмалы ауданын патрульдеу кезінде “Буран-059” патрульдік экипажы Аносова көшесінде күдікті ер адамды ұстады. Жеке тексеру кезінде одан 10 грамм марихуана табылды және тәркіленді. 29 жастағы А.есімді ер адам Алматыға жақында жұмысқа тұру үшін келген. Бірақ адал еңбекпен ақша табу қолынан келмеді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. “Қонақтың” бұдан арғы тағдырын тергеу мен сот анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру