Зайсанда алаяқ ер адамды 6,2 млн теңгеге алдап кетті
Зайсанда алаяқ Алматы облысының тұрғынын 6,2 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың шілде айының басында Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны Зайсан аудандық полиция бөліміне жүгінді, ол 2021 жылдың қаңтар айының ортасында бейтаныс ер адам 20 бас жылқы сатып алу сылтауымен 6 200 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алдау жолымен иемденіп алғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Зайсан АПБ қызметкерлері қаланың 28 жастағы тұрғынын жеткізді. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.