Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

9 тамызда Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Рауан Уразбеков пен Ерғанат Қалиолла Бұқар жырау даңғылы бойындағы көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ жедел басқару орталығынан түскен шұғыл хабарлама бойынша жедел әркет еткен полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған 41 жастағы ер адамды ажалдан арашалап қалды.

– Екі-үш минуттың ішінде біз оқиға орнына жеттік. Көпірдің шетінде тұрған ер адамды көрдік. Жарты қадам жасаса, ажалдан құтылмасы анық еді. Өйткені төменде теміржол рельстері, жоғары кернеудегі байланыс сымдары бар. Мен қоршаудан өтіп, жанына барып, сөйлесе бастадым. Ер адам отбасын асырай алмағандықтан осындай қадамға барғанын мойындады. Мен атымды айтып, қолымды создым, ол қолын ұсынған кезде мықтап ұстап, әріптесіммен бірге оны қауіпсіз жерге шығарып алдық – деді Рауан Уразбеков.

Полицейлер құтқарылған ер адамды Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жеткізді. 41 жастағы ер адам қаржылық мәселеге байланысты шарасыз қадамға барғанын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру