Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде карантин шараларын бұзған 6 мекеме анықталды

Семейде карантин шараларын бұзған алты мекеме анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мониторингтік топтардың құрамында белгіленген карантиндік шаралардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Өткен екі күн ішінде Семей қаласында алты түрлі мекеме анықталды, олардың иелері мен қызметкерлері белгіленген тыйымға қарамастан той-жиындар ұйымдастырған.

Олардың ішінде төрт мейрамхана мен екі тойханалар бар, олардың әрқайсысында 50-ден астам адам үйлену және мерейтойлық шараларға тойлаған. Мониторингтік топтардың араласуынан кейін бұл жиындар тоқтатылды.

Барлық осы фактілер бойынша мекеме әкімшілігі мен іс-шараларды ұйымдастырушыларға қатысты материал жиналып, кейіннен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Семей қаласының СЭК-не жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру