Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда LED лампалары орнатылған Lexus автокөлігі айыптұраққа қойылды

Ақтауда LED лампалары орнатылған Lexus автокөлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөліктерге орнататын LED-жарық көздері – жол қозғалысы кезінде пайдалануға тыйым салынған және көп жағдайларда жол-көлік оқиғаларының басты себептері болып табылады.
Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлері өзге көлік жүргізушілеріне кедергі келтіретін жарық көздеріне қарсы үнемі күрес жүргізеді.
Мәселен, 2021 жылдың 14 тамызы күні сағат 02:30 шамасында 5 шағын ауданда Lexus автокөлігі автокөлігіне LED лампалары орнатылғандықтан тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сақтандыру полисіне тіркелмегендігі анықталды.

 

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 230-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, автокөлік айыптұраққа жабылды.
– Түнгі уақытта көлікті басқарған әр жүргізуші жарық беру құралдары шамадан тыс жарық әрі қарама-қарсы көлік жүргізушісінің жолды қарауына мүлдем мүмкіндік бермейтін көлік құралдарын жиі көреді. Мұндай жарық шамдар өзге жүргізушінің жолды қарауына кедергі келтіріп, салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы Ж. Бақтыбаев.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру