Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция телефон ұрлаған түркістандық жігітті ұстады

Түркістан облысының полицейлері дәмханадан ұялы телефон ұрлаған жас жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші әйел өзінің жұмыс жасайтын тамақтану орнында үстел үстінде тұрған Samsung A50 маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 120 000 теңгені құрады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Полицейлер жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Көрген-білгендерден сұрады. Нәтижесінде екі сағат ішінде күдіктіні қала көшелерінің бірінен қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қоса күдікті ер адамның тағы екі жәбірленушінің мүлкін қолды етіп, жалпы 150 000 теңгеге жуық шығын келтіргенін анықтады. Қазіргі таңда аталған жайттарға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер азамат қамауға алынды.

Белгілі болғандай күдікті тамақтану мақсатында дәмханаға кірген. Содан соң үстел үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, жәбірленушіні алдаусыратып сөзге тартып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Телефон заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру