Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал иелері жазаланды

Павлодар облысында мал иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бақылаусыз жайылып жүрген мал мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Иесіз мал – ұрылар үшін оңай олжа. Сонымен қатар олар қайғылы салдары бар жол-көлік оқиғаларына себепші болуы мүмкін.

Мысалы, Тереңкөл ауданындағы «Омбы – Майқапшағай» автожолының 324 шақырымында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қараусыз жайылып жүрген сиырларды анықтады. Полицейлер 10 ірі қара малды арнайы айып тұрағына қамады. Полиция қызметкерлері мал иесін анықтап, 40 жастағы ауыл тұрғынын ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Одан бөлек, «Ленин – Ақсу» автожолында иесіз жүрген сиырлар табылған. Олар трассада және  шөпті таптап шабындықта бақылаусыз жүрген. Учаскелік полиция инспекторы 34 сиырды айып тұрағына қамады. 55 жастағы мал иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер бақылаусыз жайылып жүрген 4936 малды анықтады, олар айыппұл тұрағына орналастырылды. Бүгінгі күні облыс аумағында малға арналған 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру