БҚО-да зейнеткердің үйінен 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті құрықталды
БҚО-да ер адам үйге ұрлыққа түсіп, зейнеткердің 1 500 000 теңгесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Орал қаласында орын алды. Полицияға 93 жастағы зейтнеткер өзінің ақшасының ұрланғаны туралы шағымданды. Қаскөй зейнеткердің үйінің терезесін бұзып кіріп, 1 500 000 теңгесін ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 39 жастағы Орал қаласының тұрғыны екені анықталды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұдан өзге де ұрлық фактілері орын алды. Мәселен, Ақсай қаласындағы құрылыс жабдықтарын сататын дүкеннің кассасы жанында кәмелетке толмаған баланы емдеуге ақшалай қаражат жинау жәшігінен ұры 27 000 теңге көлемінде ақшаны еркін түрде қолды қылған. Жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды.
Сонымен қатар, Ақсай қаласындағы көлік жуу қызметінің маңында велосипедті еркін түрде өзге біреу ұрлап кеткен. Өзінің спорттық велосипедінің ұрланғаны туралы қала тұрғыны жедел түрде шағым түсіріп, арнайы қабылданған шаралар бойынша 37 жастағы ер адам ұсталды.