Жамбылдық полицейлер 35 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды
Жамбылдық полицейлер жаз мезгілі басталғалы 35 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жоюға қатысты көшпелі комиссия құрылды.
2021 жылғы 17 тамызда «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының құмға жақын аумағында 5,5 гектар алқапты шауып, кейіннен өртеу арқылы 5 тонна 102 келі жабайы қарасораны жойды.
Профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 35 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.