Сөмке ұрлаған ақтаулық қолға түсті
Ақтауда сөмке ұрлаған ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 8 тамызы күні Ақтау қаласы Полиция басқармасына қала тұрғыны жағажайда белгісіз тұлға оның сөмкесін ұрлап кеткені туралы, оның ішінде ақша және ұялы телефон болғандығы жөнінде арыз жазған. Келтірілген залалдың жалпы құны 436 000 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады, ол өз кінәсін толықтай мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу кінәліге қатысты дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім де жалғасуда, кінә оның нәтижелері бойынша қабылданады.