Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Қарағандылық полицейлер мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда түнгі 02:00-де Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері Федоров су қоймасының аумағында автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде көлік жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан.

Сондай-ақ 22 жастағы қала тұрғынының көлік құралын басқару құқығынан бір жарым айға жуық бұрын айырылғаны белгілі болды. Медициналық тексеруден алкогольдің орташа дәрежесі анықталды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немес бір мың екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бес жылға дейін бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру