Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бір күнде 4 мас жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында бір күнде төрт мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері шамамен 187 түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесуде.

– Тек өткен тәулікте патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 187 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде төрт жүргізуші мас күйінде автокөлікті басқарды. Ұсталғандар «көрші ауылға», қонаққа, жұмысқа барамыз деп ақталады. Мысалы, взвод командирі Асқар Асайынов пен қызмет инспекторы Ерғанат Әлімжанов «Омбы – Майқапшағай» автожолының 390 шақырымында ер адамның басқаруындағы ВАЗ 2143 автокөлігін ұстады. Әңгіме барысында жүргізуші түсініксіз сөйледі, сонымен қатар алкогольдің өткір иісі пайда болды. Куәландыру жүргізушінің мас күйде екенін растады, – деді Павлодар облысының патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.

Осыған ұқсас мысал, сағат 11.30-да Екібастұз қаласының Б. Момышұлы және М. Әуезов көшелерінің қиылысында рота қызметкерлері 40 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ 21101 автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамдардан алкогольдің өткір иісі шықты. Куәландыру жүргізушінің мас күйінде болғанын растады. Барлық жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, ал материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру