Қарағандыда соттан жасырынып жүрген қалта ұрысы ұсталды
Қарағандыда соттан жасырынып жүрген қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 тамызда Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде соттан жасырынып жүрген 28 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұған дейін бірнеше қалта ұрлығын істеп, тергеуден жасырынып жүргені белгілі болды.
Ұсталған адамды тергеу кезінде оның басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталды. Маусым айында ер адам автобуста келе жатып, жолаушылардың бірінің сөмкесінен құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткен. Полиция жәбірленушінің жеке басын анықтады, ол 56 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.