Семейде колония қызметкерлері қан доноры болды
Семей қаласының ОВ-156/16 мекемесінің бірқатар қызметкерлері аталмыш мекемеде жазасын өтеп жатқан Наталья Боровикованың күйеуін құтқару үшін қан орталығына барып, қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей облыстық ауруханасының дәрігерлері науқас Анатолий Деминде бауыр циррозының төртінші сатысы диагнозын анықтады. Науқастың жағдайы туралы естіген қызметкерлер көмектесу туралы бастама көтерді.
Қан тапсыру рәсімі ыңғайлы жағдайда өтеді, ол донорлар үшін толығымен қауіпсіз. Қан орталығында өткізілетін процедураның алдында болашақ донорлар алдын ала дайындықтан өтіп, қан алу күні жалпы қан анализын тапсырады, сондай-ақ терапевт дәрігерімен кеңеседі.
Сол күні қызметкерлер науқас Деминге ғана емес, лейкемия диагнозы қойылған кішкентай бала үшін де қан тапсырды.